Шымкентте психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоғалған бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

15 жасар бара қазір ата-анасының жанында

Фото ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсан күні сағат 08:30 шамасында Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын 102 телефонына 15 жастағы баласының велосипедке мініп, белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлап, полициядан көмек сұраған.

Сонымен қатар, баласының психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандығын айтқан.

Қаратау ауданы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғалған бала табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.