Шымкентте өзгенің шотынан бір млн теңге ұрлап алған күдікті қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол екі күнде қолға түсті

Шымкент тұрғынының есепшотынан бір млн теңге шешіп алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция департаментіне «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, өзіне бейтаныс азамат ұялы телефонын пайдаланып, интернет қосымшаларының бірі арқылы оның есепшотынан бір млн теңгесін шешіп алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Еңбекші ауданы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Екі тәулік ішінде ер адамның жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.