Ақтауда әріптесін аса  қатігездікпен өлтірген теміржолшы 15 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

60 жастағы ревизор мен оның танысы 40 жастағы станция басшысын мерт қылып, денесін көлігіне тастап кеткен

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда әріптесін аса қатігездікпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24.kz  арнасы.

60 жастағы ревизор мен оның танысы 40 жастағы станция басшысын мерт қылып, денесін көлігіне тастап кеткен. Қанды қылмыс осы жылы Бейнеу ауданында болған еді. 16 ақпан күні үшеуі кешке қарай үйде жиналады, артынша өзара келіспей қалған.

Айтбай Сақтағанов пен Ұзақбаев жәбірленушіні аяусыз ұрып, есінен тандырады. Келген көлігіне отырғызып, далаға апарып тастайды. Тәртіп сақшылары 2 күн бойы Ерлан Құрмановты іздеп, ауыл шетінен тапқан. Ізін суытпай қылмыскерлер ұсталды.

Қазір оқиғаға ревизордың ұлының қатысы бар екені де анықталды. Бірақ ол ақталып шықты. Ал қалған 2 адам тағылған барлық айыптары бойынша кінәлі деп танылды.

«Сақтағанов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесіндегі барынша ауыр мекемеде өтеу белгіленсін. Ұзақбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 293, 1 бөлімі 1 жыл мерзімге бостандығынан айыру жазасы, 432 бабымен 4 жыл мерзімге бостандық айыру жазасы тағайындалсын», - деді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Ғафур Шаров.