Екі станцияның да инженерлік желілері бойынша жұмыстар соңына таяды
Алматыда жақында құрылыс жұмыстары аяқталған метро құрлысының екі бекеті іске қосылды. «Мәскеу» станциясынан «Б.Момышұлы» соңғы станциясына дейін жылжымалы құрамның қозғалысын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілген. Ол автоматтандырылған басқарудағы Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген 8 жаңа электр жылжымалы құрамнан тұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында екі жаңа станция – Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан «Б.Момышұлы» станциясы, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында орналасқан «Сарыарқа» станциясы техникалық іске қосылды.
«Жүріс және контактілік рельстерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды, екі станцияның да инженерлік желілері бойынша жұмыстар соңына таяды. Екі бекетте де станциялар атауының стилін ашатын көркем панно жасалған», - деді «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры Жәнібек Етекбаев.
Жәнібек Етекбаев
Негізгі техникалық жабдықтар толықтай орнатылып, лифтілер мен эскалаторлар іске қосылды.
Алматы метрополитені құрылысы аяқталып, іске қосу менреттеу жұмыстары жүргізілді. Мамандар мен жабдықтарды басқаратын арнайы қызмет әзір. Бірегей жүрдек рельсті көлік болып табылады. Бұл – техникалық іске қосудың, сондай-ақ жобалар мен сападан ауытқымай құрылысты аяқтаудың негізі болып табылады, дейді компания жееткшілері.
Айта кетейік, Алматыдағы метроның бірінші желісі 2011 жылы салынып бітіп, пайдалануға берілген болатын. Бүгін ашылған екі станция екінші желіге тиесілі. 2025 жылға дейін бұл желіде тағы екі станция ашылуы тиіс. Олар "Қалқаман" мен "Батыс автовокзалы" бекеттері.