$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ХҚО, «Қазпошта», демалыс орталықтарына тек «жасыл» статусы бар азаматтар кіруі мүмкін

Аталған норманы 5 қаңтардан бастап енгізу ұсынылды

ХҚО, «Қазпошта», демалыс орталықтарына тек «жасыл» статусы бар азаматтар кіруі мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев бүгінгі Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының таралу қарқынына байланысты жаңа карантиндік шараларды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нақтырақ айтқанда, Жандос Бүркітбаев бірақатар мекемелердің ғимараттарына тек «жасыл» статусы бар азаматтарды кіргізуді ұсынды.

«Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорттық орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына; караоке; бассейн; сауналарға, моншаларға; «Қазпошта» бөлімшелеріне; Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «ASHYQ» қосымшасымен жасыл статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізуді ұсынамыз. Осы норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз», - деді ол өз баяндамасында.

Серіктес жаңалықтары