$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30 пайызға артты

Науқастардың репродуктивтілік саны 0,96-ті құрайды

Қазақстанда емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30 пайызға артты
Фото ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус инфекциясынан емделгендер үлесі науқастардан 30 пайызға артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күн сайын орта есеппен оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 500 жуық және теріс ПТР тестімен 50 жуық жағдайы тіркеледі. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Қалған 2 өңір – Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қызыл аймақта өңір жоқ», - деді ведомство басшысы.

Ол сөзін жалғай отырып, науқастардың репродуктивтілік саны 0,96-ті құрайтынын мәлім етті.

«Қыркүйек айынан бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30 пайызға артқан», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары