Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 200-ден астам адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте елімізде 354 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 588 науқас емделіп шықты

Фото: Anadolu

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жайлы мәлімет белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 361 адам коронавирус инфекциясынан (–15 290+ және 2 071 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде:

  • Стационарда – 2 533 пациент;
  • амбулаториялық деңгейде – 14 828 науқас.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • Жағдайы ауыр – 211 науқас;
  • жағдайы өте ауыр – 71 науқас;
  • ӨЖЖ аппаратында – 47 науқас.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 354 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 588 науқас емделіп шықты.