Ұлыбританияда ІІ Елизавета патшайымды өлтірмек болған азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Виндзор қамалына кіргені үшін ұсталған азамат II Елизаветаны өлтіргісі келетінін мойындаған

Фото ашық дереккөзден

Виндзор қамалына кіргені үшін ұсталған ер адам Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаны өлтіруді мақсат еткенін айтқан. Бұл туралы The Sun газеті хабарлады.

19 жастағы Дарт Джонс қылмысқа бармас бұрын достарына Snapchat әлеуметтік желісінде бейнежазба жіберген. Онда ер адам 1919 жылы 13 сәуірде болған Амритсар қырғыны үшін кек ретінде II Елизаветаны өлтіргісі келетінін айтады. Сол күні британдық отарлық күштер Пенджаб штатының Амритсар қаласында тәжді басқаруға қарсы үндістердің бейбіт демонстрациясын атып тастады.

"Өкінішті. Мен жасаған ісім үшін және  істейтін ісім үшін кешірім сұраймын. Мен Елизавета патшайымды өлтіруге тырысамын. Бұл сонымен қатар нәсілдік негізде өлтірілген, масқара болған және қысым көрген адамдар үшін кек. Мен үнді сикхімін. Мені Джасвант Синг Чали деп атаған, енді менің атым Дарт Джонс", - деді жас кек алушы.

Айта кетейік, бұған дейін полиция Елизавета патшайым отбасымен бірген Рождествоны атап өтіп жатқан Виндзор қамалының аумағына кірген қарулы адамды ұстаған болатын. Алдымен 19 жастағы Дарт Джонс қамауға алынып, содан кейін психиатриялық клиникаға жіберілді.