Температураның төмендеуі болжануда
Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Осылайша, жауын-шашын жауады, солтүстік өңірлерде қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ, тұман, екпінді жел, төмен бұрқасын болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Батыста ауа температурасы көтеріледі: түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз, күндіз 13 аяз – 3 жылу. Солтүстік-батыста болса — түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін аяз, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз. Ал солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 аязды, күндіз 10-26-дан 5-15-ке дейін аязды құрайды», - деп жазады синоптиктер.
Орталық пен шығысқа келсек, мұнда ауа температурасы төмендейді деп күтіліп отыр.
«Солтүстік-шығыста түнде 5-15-тен 10-25-ке дейін аяз, күндіз 2-11-ден 5-20-ға дейін аяз, оңтүстікте түнде 15 аяз — 3 жылудан 3-20 аязға дейін, күндіз 8 аяз — 12 жылудан 10 аяз — 3 жылу аралығында, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 5 аяз — 3 жылудан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылудан 0-10 аязға дейін болады», - делінген хабарламада.