Үштікті Facebook түйіндеп тұр
Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі әлемдегі ең үлкен интернет-іздеу жүйесі – Google-ды басып озды, деп санайды Cloudflare сарапшылары. Компанияның жылдық аналитикалық есебіне сәйкес, TikTok.com Google карталарының, аудармашының, фотосуреттердің, кітаптардың және жаңалықтар агрегаторының барлық қызметін басып озды. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
TikTok 2021 жылы танымалдығы күрт артты. Ал 2020 жылдың соңында аталмыш әлеуметтік желі жетінші орында болатын. Cloudflare мәліметтері бойынша ең танымал домендердің қазіргі ондығы келесідей:
Бейжіңдегі ByteDance Ltd компаниясына тиесілі TikTok-тың танымалдылығының өсуін сарапшылар оның әр қолданушыға арналған бейне таңдау алгоритмінің сәттілігімен байланыстырады. Соңғы жылдары TikTok-тан басталған көптеген инфлюэнсерлер – Эддисон Рэй мен Чарли Д'Амелио әйгілі жұлдыздарға айналды.
Forbes басылымына сәйкес Эддисон Рэй 2020 жылы TikTok-та ең бай инфлюэнсер атанды. Оның табысы 5 млн долларға бағаланды.
Ал Чарли Д'Амелионың 115,5 миллиона оқырманы бар.