COVID-19 бен пневмония: өткен тәулікте елімізде үш адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте 460 адамнан инфекция анықталды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 22 желтоқсан күні коронавирус пен пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайтыс болғандардың ПТР-талдауы (КВИ+) расталған.

24 желтоқсанда КВИ-ден 18 404 адам (16 010 КВИ+ және 2 394 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда 2 921 пациент, амбулаториялық деңгейде-15 483 пациент.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 243 науқас,
  • аса ауыр дәрежеде – 70 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 56 пациент.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте (23 желтоқсан) Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 460 жаңа жағдайы тіркелді.