Байланыс қызметтеріне арналған шығыстар жан басына шаққанда 6,6 мың теңгені құрады
Әлемдегі интернеті ең арзан елдердің арасында Қазақстан 7 орында тұр. Оның құны қазақстандықтардың орташа айлық табыстарының 1,6% - ын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Internet Accessibility Index сарапшыларының деректері бойынша Қазақстан кең жолақты «үйдегі» интернет-пакеттің орташа айлық құны бойынша 167 елдің ішінде 7-ші орынды алады, яғни бар болғаны 11,5 АҚШ долларын құрайды.
Рейтингте Украина көш бастап тұр (орташа есеппен айына $ 7,2.), ал ең қымбат интернет Мавританияда (773,2 АҚШ доллары).
Сонымен қатар, азаматтардың интернетті сатып алу үшін жеке табысынан қанша қаражат жұмсайтындығы анықталды. Бұл ретте Ресей мен Румыния алдыңғы қатарда тұр. Аталған елдерде Интернет-пакеттің құны айына жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың тек 0,9% -1% құрайды (кірістер туралы мәліметтер — WorldData.info). Көшбасшылар үштігінде Қазақстан да бар: елде интернеттің бір айлық пакеті орташа жалақының тек 1,6% - ын құрайды.
ҚР ішкі статистикасына сүйенсек, осы жылдың үшінші тоқсанында байланыс қызметтеріне арналған шығыстар жан басына шаққанда 6,6 мың теңгені құрады.