Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы 2021 жылғы 23 желтоқсан
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 22 желтоқсан
№ 219», - делінген «Ақорда» хабарламасында.