Астана қайтадан «сары» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта ешбір облыс жоқ

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, ел астанасы 2021 жылдың 15 желтоқсанында «жасыл» аймаққа енген болатын.