Өткен тәулікте шекарадан 728 адам өткен
Павлодар облысындағы мемлекеттік шекараның 4 автомабиль өткізу пунктін яғни «Үрлітөбе», «Қосақ», «Амангелді» және «Шарбақтыны» мониторингтік топ қатаң бақылауда. Мәселен, өткен тәулікте шекарадан 728 адам өткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді. Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтарды қарсы алып, телефон арқылы тек ҚР азаматтарына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге ниет білдірген шетелдіктерге де кеңес береді. Шектеулер енгізілген сәттен бастап яғни 2020 жылдың 19 қыркүйегінен бері тексеруді күшейтті. Мұнда ПТР теріс нәтижесі бар анықтамаларды ұсынбаған 3 069 резидент еместердің елге кіруіне жол бермеді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысына барлығы 256 470 адам келген болса, оның ішінде 131 417 жүргізуші, 125 053 жолаушы бар.
«Осы аралықта 45 707 ПТР анықтамасына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде коронавирустың асимптоматикалық түрін жұқтырған 268 жағдай анықталды. Бұдан бөлек, карантиндік стационарларға 5 234 ел азаматтары орналастырылды», - делінген хабарламада.
Департамент мәліметіне сүйенер болсақ, өткен тәулікте шекарадан 728 адам өткен. Оның ішінде 512 - жаяу және 216 – жүк көлігінің жүргізушісі.
ПТР анықтамасында ковидке теріс нәтиже берген Ресей Федерациясының екі азаматына елге кіруге тыйым салынады.