Шектеу шаралары эпидахуалға байланысты қайта қаралуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,8.
Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.