Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда
Грузияда Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
«Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.
Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ-мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.