COVID-19 бен пневмония: бір күнде 14 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір жарым жылда 83505 адам пневмониямен ауырды

Фото: inform.kz

Елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 14 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

13 желтоқсандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 68 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. 

Ал 103 адам емделіп шықты. 

Өткен жылдың 13 наурызынан бергі көрсеткіш:

  • ауырғандар – 83505, 
  • өлім жағдайы – 5191,
  • жазылып шыққандар – 75593.