2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 млн адам болды
Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға сәйкес жыл сайын өсіп отырады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткіш 5%-ға индексациялау көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.
2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделуде.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жәрдемақы мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 млн адам болды.