Нұрсұлтан Назарбаев Дулат Исабековпен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Дулат Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтты

Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Д.Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады.

Өз кезегінде Д.Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.