Нұр-Сұлтанда Алматы ауданының үздіктері марапатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды

Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев ауданның дамуына үлес қосқан әлеуметтік маңызы бар мамандық иелерін марапаттады.

«Бүгінгі салтанатты іс-шара біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған, бірақ тағы бір маңызды күн – 10 желтоқсан – астананы Ақмолаға көшіру туралы да ұмытпаған жөн. Бұл 24 жыл бұрын Елбасының тарихи шешімі болды. Сондықтан біз Алматы ауданының бұрынғы әкімдерін де шақырдық: ауданның бірінші басшысы Ахметолла Ахметжанұлы Шәкіров, аудан әкімдігіне 6 жыл қызмет еткен Сапар Қайратұлы Ахметов, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейітжанұлы Есілов. Ауданымыздың дамуына қосқан үлес пен қолдау үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз! Бүгін біз Алматы ауданының гүлденуіне өз үлесін қосқан батырларымызды – дәрігерлерді, мұғалімдерді, құтқарушыларды, еріктілерді салтанатты түрде құрметтегіміз келеді», - деді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев.

Түрлі сала мен мамандықтардың үздік өкілдері 23 номинация бойынша мүсіншелермен және алғыс хаттармен марапатталды:

  • «Мейірім» номинациясын «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қоры және оның жетекшісі Наталья Коновалова алды.
  • «Қайсар жүрек» номинациясында марапатты өрт кезінде адам өмірін құтқарғаны үшін аудан тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаев алды.
  • Қайырымдылық қызметін ұйымдастырғаны үшін «Жомарт жүрек» номинациясын «Встреча» сауда үйінің басшысы Геннадий Мочалкин алды.
  • Ержан Қинаятов көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсеткен мейірімділігі мен көмегі үшін «Белсенді волонтер» номинациясында марапатқа ие болды.
  • «Ұлағатты ұстаз» номинациясында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің мұғалімі Ардақ Сайрина марапатталды.
  • Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Білім Қазына» номинациясын Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Асқар Қарабаев иеленді.
  • №32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнар Тілегенова бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Тәрбие қазығы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
  • «Салауат» номинациясында аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесі үшін Марина Сверкунова мүсіншеге ие болды.
  • Серік Ерімбетов Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Денсаулық сақтау» номинациясы бойынша марапатталды.
  • «Барыс» номинациясында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында дзюдодан үйірме жетекшісі Серік Ырзатаев марапатталды.
  • Аула клубтарының дамуына қосқан үлесі үшін «Аула жұлдызы» номинациясын «Замандас» аула клубының жетекшісі Ләззат Алшынова алды.
  • Мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Өнер тарланы» номинациясын Галина Сбоева иеленді, ол «Жас кітапханашылар мектебінде» жас мамандармен өз тәжірибесімен бөліседі.
  • «Үздік құтқарушы» номинациясында төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін өрт сөндіруші Әнуар Қасенов марапатталды.
  • Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесі үшін «Тәртіп сақшысы» номинациясын Алматы ауданы ішкі істер басқармасының қызметкері Қайсар Садырбеков алды.
  • «Нұрлы жүрек» номинациясында үздік әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері Гүлжан Сембаев марапатталды.
  • «Үздік бейнекөрсетілім» номинациясы бойынша білім беру ұйымдары арасындағы үздік бейнетүсірілім үшін №79 «Шабыт» балабақшасының ұжымы марапатталды.
  • Құрылыс саласындағы ерен еңбегі үшін Ескендір Тасыбаев «Үздік құрылысшы» номинациясына ие болды.
  • «Шаңырақ» номинациясында тұрғын үй қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатты Бахрам Құсайынова алды.
  • «Тазалық сақшысы» номинациясында аудан тазалығын сақтауға қосқан үлесі үшін марапатты «Астана тазалық» ЖШС механикалық тазалау шебері Бекежан Төлеков алды.
  • «Аудан келбеті» номинациясын «АстанаТрансСервис» ЖШС учаске шебері Бауыржан Байболов алды.
  • Ауданның мәдени-рухани және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін «Жыл қамқоршысы» номинациясында Бибігүл Ысқақова марапатталды.
  • «Белсенді тұрғын» номинациясында белсенді азаматтық ұстанымы үшін Айжан Кудерина марапатталды.
  • «Үздік лебіз» номинациясын Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектебінің ұжымы жеңіп алды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.