Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген. 

2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.

2015 жылдан 2020 жылға дейін — ҚР Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.