Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақтан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта «сары» аймақта 5 өңір бар

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша, Қазақстандағы барлық облыс «қызыл» аймақтан шықты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.