Еліміздің батыс аймағында қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер жұма, яғни 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлі де, ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек ҚР батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, ҚР батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз Алакөл көлдерінің ауданында жел жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, облыстың оңтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығыс және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ болып, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.