Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі жабылған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Интернетте тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы партияның әлеуметтік желідегі қоғамдық қабылдауға арналған ресми парақшасында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Құрметті азаматтар! Интернетте Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жабылғаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезінде қауіпсіздіктің санитарлық талаптарын ескере отырып, партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі онлайн режимінде жұмыс істейді»,-деп жазылған.

Айта кетейік, Орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Парламенті депутаттарын қабылдау онлайн форматта кестеге сәйкес жүргізіледі.