Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырғандардың жалпы саны 1 миллионға жуықтап келеді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 13 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

7 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қайтыс болған 12 адамда коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталған. Тағы бір марқұмда коронавирус анықталмағанымен, дәрігерлер оған КВИ белгісі бар пневмония диагнозын қойған.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша, елімізде 22 353 адам коронавирустан емделіп жатыр (19 371 КВИ+ және 2 982 КВИ-). Олардың ішінде 4 404 науқас стационарда ем қабылдаса, 17 949 науқас амбулаторлық ем алып жатыр.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 349 науқас ауыр халде;
  • 85 науқас аса ауыр халде;
  • 60 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.