Елімізде өткен тәулікте 683 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырғандардың жалпы саны 1 миллионға жуықтап келеді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 683 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz порталы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 104
  • Алматы қаласы – 51
  • Шымкент қаласы – 12
  • Ақмола облысы – 64
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Алматы облысы – 29
  • Атырау облысы – 7
  • Шығыс Қазақстан облысы – 35
  • Жамбыл облысы – 6
  • Батыс Қазақстан облысы – 20
  • Қарағанды облысы – 101
  • Қостанай облысы – 71
  • Қызылорда облысы – 7
  • Маңғыстау облысы – 5
  • Павлодар облысы – 81
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 83
  • Түркістан облысы – 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 977 714 адамға жетіп отыр. Олардың 945 529-ы емделіп шыққан.