Жол-көлік оқиғасы 8 желтоқсанда Өскемендегі Понтонный көпірінің маңында болған
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлікке қыстырылып қалған азаматқа көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 желтоқсанда Өскемендегі Понтонный көпірінің маңында болған.
«ВАЗ-2106» мен «Газель» көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі салонда қыстырылып қалған. Көп ұзамай сол жерге жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Олар 1954 жылғы ер адамды гидравликалық құралдың көмегімен алып шықты. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған кезде «112» телефон нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.