Жаңа ереже бойынша жүкті әйелдер 1 млн 587 мың теңгеге дейін алуы мүмкін
Елімізде келер жылдан декреттік төлемдер өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл сома 1 қаңтардан бастап өзгеретін ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты көбейтіліп отыр.
Көрсеткіш 42 мың 500 теңгеден 60 мыңға ұлғаяды. Осы уақытқа дейін декреттік төлемнің ең шекті деңгейі 1 млн 125 мың теңгеге тең болатын. Жаңа ереже бойынша жүкті әйелдер 1 млн 587 мың теңгеге дейін алуы мүмкін.
Бірақ мұндай қаржылай қолдауға ай сайынғы табысы 400 мың теңгеден асатын әйелдер иек арта алады.