Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертен облыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысында күндіз жел шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.
Шымкент қаласында түнде тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.