$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан 24 елдің вакцинация паспортын мойындады

Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

Қазақстан 24 елдің вакцинация паспортын мойындады
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында «Қазақстанда Республикасында еліміздегі COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Японияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған қаулыда.

Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары