Келер жылы 150 мыңдай ғана қазақстандық зейнетақы қорындағы артық қаражатын ала алады
Оған ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі себеп болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бүгінігі хабарламасын министрліктің баспасөз қызметкері Azattyq Rýhy тілшісіне түсіндіріп берді.
«Жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгеріс енгізу жүргізілмеген және жоспарланбаған деп хабар таратқанымыз, министрлік жаңадан есептеу жүйесін ойлап тапқан жоқ. Бұл бұған дейін іске асқан әдістеме. Ал зейнетақы жинағындағы алуға болатын қаражаттың 2 есе өсу себебі, 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер көлемі ұлғайғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілсе, 2022 жылға ТЖШ шамасы да өсті. Бұл жаңа әдістеме емес. Бұл техникалық өзгеріс», - дейді баспасөз қызметкері.
Министрліктің айтуынша, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді. Белгілі болғандай, 2022 жылы тек 150 мыңдай қазақстандық зейнетақы қорындағы артық қаражатын тиісті мақсаттарға бағыттай алады.