Оның ішінде 829,5 млн теңге құрылыс жұмыстарына жұмсалады
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсанда ескерткіштің салтанатты ашылуы өтеді. Нысанды алматылық GEMBA ЖШС компаниясы салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, «Тәуелсіздік монументі» көп фигуралы мүсіндік композиция кешенінің құрылысына жасалған шарттың жалпы сомасы – 959,9 млн теңге. Оның ішінде, сметаға сәйкес, 829,5 млн теңге – құрылыс жұмыстарына, 5,9 млн теңге – жобалау жұмыстары мен сараптамаға, 36 млн теңгеден астамы – инжинирингтік қызметтерге жұмсалған.
Жұмыстар тізбесіне сыртқы электрмен жабдықтау, су-жылумен жабдықтау, кәріз желілерін, байланыс желілерін жүргізу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар енгізілген.