Коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 20 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.
4 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 326 адам коронавирус инфекциясынан (–21 013+ және 3 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 994 пациент стационарда, 19 332 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
349 адамның жағдайы ауыр,
96 пациенттің жағдайы өте ауыр,
60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 2 желтоқсандағығы мәлімет бойынша 112 жаңа жағдай тіркелді, 214 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 82860;
- өлім жағдайы – 5161;
- барлығы 74 386 адам сауығып шықты.