Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 373 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылдың 13 наурызынан бері 82 748 адам пневмониямен ауырды

Фото: egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы мен пневмония жұқтырған науқастардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 884 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 199 пациент – стационарларда, ал 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 373 адамның жағдайы ауыр,
  • 93 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

«1.12.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 14 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 28 адам емделіп шықты», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, өткен жылдың 13 наурызынан бері 82 748 адам пневмониямен ауырса, 5 161 науқас қайтыс болды, ал жазылып шыққандар саны – 74 172.