COVID-19 бен пневмония: елімізде бір күнде 15 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте 952 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

Фото ашық дереккөзден

Бір тәулікте 15 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30 қарашада расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 13 адам, тағы екі пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.

2 желтоқсанда КВИ-дан 25 429 адам (21 994+ және 3 435 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда 5 348 пациент, амбулаториялық деңгейде 20 081 пациент бар.

Науқастар ішінде:

  • ауыр халде – 376 пациент,
  • аса ауыр халде – 104 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 64 пациент.

Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 753 адамнан анықталды, ал 952 науқас емделіп шықты.