Биыл Тұңғыш Президент күнін қазақстандықтар оныншы рет тойлағалы отыр
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Айтулы дата осыдан 10 жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болатын.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті. Аталмыш мерекенің 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән бар.