Елімізде соңғы тәулікте 27 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте 654 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен онымен байланысты пневмониядан 27 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып.

28 қарашада расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 18 адам қайтыс болды, тағы 9 пациент (КВИ -) коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

30 қарашада КВИ-дан 26 472 адам (22 895+ және 3 577 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда 5 623 пациент, амбулаториялық деңгейде-20 849 пациент бар.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 376 пациент,
  • аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 119 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 53 пациент.

Айта кетейік елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары азайып келеді. Соңғы тәулікте 654 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 1137 науқас аталмыш инфекциядан емделіп шықты.