Амбулаторияда елді мекеннің төрт мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетіледі
Байқоңыр ауданында «Кирпичный» дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Медициналық мекеме «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының филиалы ретінде ашылды. Емдеу орталығы «Кирпичный» елді мекеніндегі Чехоев көшесі 14а мекенжайында орналасқан.
Жаңартылған амбулаторияда ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек, УДЗ-диагностика, күндізгі стационар, фильтр-кабинет, емшара кабинеті және вакцинация кабинеті сияқты медициналық қызметтер көрсетілетін болады.
Амбулаторияда «Кирпичный» елді мекенінің төрт мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетіледі.