Коронавирустың жаңа штамына байланысты туристер ОАР-дан елдеріне қайта алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Әлем елдері ОАР-ға қатынайтын рейстерді тоқтатқан болатын

Фото ашық дереккөзден

Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласындағы халықаралық әуежайда шетел азаматтары өз еліне қайта алмай жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 Бұған омикрон штамының шығуына байланысты әлем елдерінің Оңтүстік Африка өңірлеріне қатынайтын рейстерін тоқтатып тастауы себеп. Саяхатшылар жарияланған санитарлық шектеулер қалтадан қағатынын айтып отыр. Бұған қоса еліне оралған турист міндетті түрде карантинде отыруы тиіс.

Айта кетейік, коронавирустың омикрон штамы бүгінде Бельгия, Германия, Израиль, Ботсвана мен Гонконгте анықталды. Осыған орай Еуроодақ, Ұлыбритания, Шри-Ланка, Таиланд, Оман мен Жапония елдері арадағы көлік қатынасын уақытша тежеп тастады.