Ресейдің Халық әртісі Александр Градский қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өнер иесі 72 жаста еді

Фото ашық дереккөзден

Ресейдің Халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Lenta.ru.

27 қарашада Градский инсульт күдігімен ауруханаға түскен. Музыканттың денсаулығы қыркүйек айында коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін нашарлай бастаған. Ол дәрігерлерге аяғының ауырғанын және тұра алмай қалғанын айтқан.

26 қараша күні Градский үйіндегілерден жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінеді. Осы сәтте ол өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Бір сағат бойы есін жинай алмаған.

Бұған дейін бірнеше күн бойы Градскийдің қан қысымы төмендеп, үш рет дәрігерлерді шақырған. Алайда әртіс ауруханаға барудан бас тартып, үйінде емделген.