Күні кеше бұл дерт 905 адамнан анықталған еді
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші азайды. Соңғы дерек бойынша, өткен тәулікте 847 адамнан індет белгілері анықталды.
Алайда коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр.
28 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 056 адам коронавирус инфекциясынан (–23 439+ және 3 617 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 21 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 397 адамның жағдайы ауыр,
- 125 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.