Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери жабдық береді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл келісімдерді Парламент Сенат бекітті

Фото: 24.kz

Парламент Сенатының отырысында көрші мемлекеттерге әскери көмек көрсету жөнінде келісімдер ратификацияланды. Бұлар – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар. Бұл туралы Azattyq Rýhy Парламент Сенатына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімдерде қырғыз және тәжік тараптарына әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілер мен арнайы жабдықтарды бір реттік беру көзделген. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев әскери мүлікті Қырғызстанға беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетіне әсер етпейтінін, өйткені көмек Қарулы Күштердің қазіргі үлесінің нормативтен тыс қорларынан көрсетілетінін атап өтті.

Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету Қарулы Күштердің осы қатерлерге тойтарыс беру мүмкіндіктерін күшейтіп, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтады.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.