Спортшы орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын.
Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты. Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр.