Елімізде соңғы бір жылдан аса уақытта 5,1 мыңнан астам адам пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бір жарым жылда 966 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қазақстанда коронавирустан 26 адам, ал коронаирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

22 қарашада күнгі көрсеткішке сәйкес коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Ал 288 науқас емделіп шықты.

Өткен жылдың 1 тамызынан бері көрсеткіш:

  • ауырғандар – 82127 науқас;
  • қайтыс болды – 5129 науқас;
  • жазылып шықты – 72 994 науқас.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 905 адамнан анықталды, 26 адам көз жұмды. Ал 1502 науқас індеттен емделіп шықты.

2020 жылдың 13 тамызынан бергі көрсеткіш:

  • ауырды – 966 423 науқас;
  • жазылды – 929 120 науқас;
  • қайтыс болды – 12 603 науқас.