Еліміздің басым бөлігінде жел соғып, тұман түседі
Синоптиктер дүйсенбі, яғни 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атлантикалық циклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді, соған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстікте қарлы бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста тұман болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атапа айтқанда, Ақмола облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел 15-20, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстігінде, батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.