19.11.2021, 09:10
Жаңалықтар
COVID-19: Қазақстанда 500-ге жуық науқас ауыр халде жатыр
Соңғы тәулікте 1554 науқас емделіп шықты
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде коронавирустан (КВИ+) 20 адам, тағы төрт пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.
Сондай-ақ, 15 қарашада дәрігерлер ковидті пневмонияның 195 жағдайын тіркеді.
19 қарашада COVID-19-дан 30 876 науқас (26 464 КВИ+ және 4 412 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде стационарларда 6 513 пациент, ал 24 363 пациент үйде емделуде.
Науқастар арасында:
- ауыр халде – 486 пациент;
- аса ауыр дәрежеде – 125 пациент;
- ӨЖЖ аппаратында – 88 пациент.
Айта кетейік, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 1125 адам жұқтырса, 1554 науқас емделіп шықты.
Көп оқылған
23.07.2026, 13:15
Актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасып жатқанын айтты
23.07.2026, 11:12
«Нұрлы жол» вокзалының төбесі ортасына түсті: ҚТЖ не дейді
23.07.2026, 16:12
Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)
23.07.2026, 20:03
Қазақстандықтарға «Әділет» партиясына қабылданғаны туралы SMS жаппай келе бастады: не болып жатыр?
24.07.2026, 16:40
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім жариялады