Бір жемқорды ұстасаң артынан екінші жемқор келеді – Антикор басшысы

Автор: Azattyq Rýhy

«Ол бұрынғысының схемасы бойынша ақша ұрлайды, тіпті жаңа тетіктер мен жүйелер ойлап табады...»

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов Азаматтық форумы аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн-кездесу барысында елдегі жемқорлықпен күрес жұмыстарын баяндады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мойындауымыз керек, бізде жемқорлықпен күрес істерді сотқа жіберумен, шенеуніктері ұстаумен шектелді. Біз осылай өзімізді «жұбатып» отырдық. Жыл сайын бір деңгейдегі көрсеткішті көрсетіп келдік. Негізгі мақсат істі тез аяқтап, сотқа жіберу болды. Бірақ бір жемқордың артынан екінші жемқор келеді. Ол бұрынғысының схемасы бойынша ақша ұрлайды. Тіпті, жаңа тетіктер мен жүйелер ойлап табады. Біз бұдан былай істің өзімен емес, оның туындап отырған себеп-салдарын анықтауға маңыз беретін болдық»,  - дейді М. Ахметжанов.