Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1058 адам жұқтырса, 2298 науқас емделіп шықты

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 24 адам, тағы екі пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ -) қайтыс болды.

Сондай-ақ, 15 қарашада дәрігерлер ковидті пневмонияның 195 жағдайын тіркеді.

17 қарашадағы жағдай бойынша 32 622 адам (27 882 КВИ+ және 4 740 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 611 пациент – стационарларда, 26 011 пациент – үйде.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 504 пациент,
  • аса ауыр дәрежеде – 130 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 86 пациент.

Айта кетейік соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1058 адам жұқтырса, 2298 науқас емделіп шықты.