Өйткені апат себептерінің бірі ретінде жолдың қардан тазаланбауы аталды
Екі адамның өмірін жалмаған Павлодар – Успенка тас жолындағы апатқа байланысты жаңа деректер айтылды. Апат себептерінің бірі жолды қардан дұрыс тазаламау болған. Сол себепті «Қазақавтожол» ЖШС жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"ВАЗ 21074 автокөлігінің 70 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүріп, көктайғаққа байланысты Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 70 жастағы ВАЗ жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі автокөлік те айыппұл тұрағына қойылды. Полиция жол апаты себептерінің бірі "Қазақавтожол" ЖШС-нің қар тазалау бойынша тиісті ұйымы болмауы мүмкін екенін атап өтті.
"Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында осы автожолға қызмет көрсететін "Қазақавтожол" ЖШС ұйымын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Жасқайрат Қайыров.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар – Успенка тас жолындағы көлік апатынан екі адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз,